Атырауда №49 «Келешек» мектебінде танымдық шара өтті

 

Атырау қаласындағы №49 «Келешек» мектебінде 5-сынып оқушылары арасында еңбек және кәсіби біліктілік құндылықтарын насихаттауға бағытталған лездік танымдық шара ұйымдастырылды.

Шара барысында оқушыларға патриотизмнің мәні кеңінен түсіндіріліп, туған жерге деген сүйіспеншілік пен адал еңбектің маңызы айтылды. Дәйексөздер негізінде оқушылар өз ойларын ортаға салып, елге қызмет ету, сапалы білім алу және еңбексүйгіштік қасиеттердің болашақ маман үшін аса маңызды екеніне көз жеткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу және кәсіби бағдарға деген қызығушылығын арттыру.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT