Атыраудағы №49 Келешек мектебінде оқушыларға робототехника бағыты бойынша білім беріледі. Сабақ барысында оқушылар роботтарды құрастыру, бағдарламалау және түрлі жобалар әзірлеу арқылы өздерінің техникалық және шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Информатика пәнінің мұғалімі Дана Караеваның айтуынша, робототехника — оқушылардың гаджетке жай ғана уақыт жұмсауына емес, технологияны өз қолымен жасап, оның жұмыс істеу принципін түсінуіне мүмкіндік беретін бағыт.
«Біз оқушыларымызға гаджеттермен уақыт өткізгенше, сабақтан тыс уақытта пайдалы роботтар жасап, сол гаджеттердің жасалу жолын үйреткіміз келеді», — дейді Дана Караева.
Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлауын, инженерлік қабілетін және жаңа технологияларға қызығушылығын арттыруға бағытталған.


