Атыраудағы «Келешек» мектебінде сыйластық құндылықтары насихатталды

 

18 мамыр мен 8 маусым аралығында өтіп жатқан «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы аясында Атырау қаласындағы №47 «Келешек» мектебінде 8-сынып оқушылары арасында «Достық пен сыйластық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараны Мәншүк Баярова өткізді. Кездесудің мақсаты – достық пен сыйластықтың маңызын түсіндіру, зорлық-зомбылықтың зияны туралы ақпарат беру және оқушыларды бір-бірін құрметтеуге, татулық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Кездесу барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, сыйластыққа негізделген қарым-қатынастың маңызын талқылады.

 

Н. Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT