Атыраудағы №47 «Келешек» мектебінде «Балдәурен» жазғы лагері басталды

 

Атырау қаласындағы №47 «Келешек» мектебінде балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуге арналған «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылуы өтті.

Лагерьдің негізгі мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, денсаулығын нығайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, патриоттық тәрбие беру және достық қарым-қатынасты қалыптастыру.

Жазғы демалыс кезеңінде балалар үшін танымдық және тәрбиелік іс-шаралар, спорттық жарыстар мен ұлттық ойындар ұйымдастырылып, түрлі экскурсиялар мен саяхаттар өткізу жоспарланған.

«Балдәурен» лагері оқушылардың бос уақытын мазмұнды өткізуге, жаңа достар тауып, жарқын әсерлер жинауына мүмкіндік береді.

Н. Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT