Атыраудағы №48 «Келешек» мектебінде ChatGPT мүмкіндіктеріне арналған семинар өтті

 

Атырау қаласындағы №48 «Келешек» жалпы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «ChatGPT мүмкіндіктерін бастауыш сынып сабақтарында тиімді пайдалану» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – бастауыш сынып педагогтерін ChatGPT жасанды интеллект құралының мүмкіндіктерімен таныстырып, оны оқу үдерісінде тиімді қолдану жолдарын көрсету. Семинар барысында мұғалімдерге сабақ жоспарлау, оқу тапсырмаларын әзірлеу, оқушылардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ цифрлық білім беру құзыреттілігін арттыру бағытында ChatGPT-ді пайдаланудың тиімді тәсілдері таныстырылды.

Практикалық бөлімде қатысушылар жасанды интеллект көмегімен сабақ мазмұнын байыту, деңгейлік тапсырмалар құрастыру, мәтіндер мен бағалау материалдарын әзірлеу бойынша нақты мысалдармен жұмыс істеді. Сонымен қатар әріптестер өзара тәжірибе алмасып, білім беру үдерісіне заманауи цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығы жөнінде пікір бөлісті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT