Атыраудағы №50 «Келешек мектептері» жобасы аясындағы білім ордасының оқушысы Әсемай Қанатбаева «Айбын-2026» әскери-патриоттық жастар жиынында үздік нәтиже көрсетіп, халықаралық кезеңге жолдама алды. Әсемай арқаға жатып денені көтеру сайысында жоғары нәтиже көрсетіп, қалалық кезеңде І орынды, ал облыстық кезеңде ІІ орынды иеленді.
Сонымен қатар, ол бұған дейін өткен «Айбын-2024» әскери-патриоттық жарысында әскерилендірілген кросс бойынша ІІ орын алған болатын. Жас сарбаз әскери-қолданбалы спортпен белсенді айналысады. Ол күн сайын дене дайындығын шыңдап, АК-74 оқу қаруын бөлшектеу-жинақтау бойынша жаттығулар жасап келеді. Табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында Әсемай мектеп намысын түрлі жарыстарда сәтті қорғап жүр. Қазіргі таңда ол Бурабайда өтетін халықаралық кезеңге дайындық жұмыстарын жалғастыруда.
Нұргүл Насыр

