Педагогикалық қызметкерлер арасында азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасау тәртібі бойынша оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – төтенше жағдай туындаған кезде педагогтердің дұрыс әрі жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, қауіпсіздік шараларын сақтау және эвакуация тәртібін пысықтау.
🛡️ Жаттығу барысында қызметкерлердің төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері тәжірибе жүзінде көрсетіліп, қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.
📚 Азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар бойынша түсіндіру жұмысы
Мектептің алғашқы әскери пәнінің мұғалімі Наурызбайдың ұйымдастыруымен педагогикалық қызметкерлерге азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасау тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🔹 Түсіндіру барысында төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
🔹 педагогтердің іс-қимыл тәртібі;
🔹 эвакуациялау және қауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі негізгі ережелер түсіндірілді.
🎯 Іс-шараның мақсаты – педагог қызметкерлердің төтенше жағдай кезіндегі сауаттылығын арттыру және дұрыс әрі жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.


