«Бала қауіпсіздігі-отбасы мен қоғамның ортақ жауапкершілігі»

 

№51 «Келешек» мектебінде «Бала қауіпсіздігі – отбасы мен қоғамның ортақ жауапкершілігі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Жиынға аймақтық инспектор Базарбаев Қ.Б. қатысып, бала қауіпсіздігіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау және олардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне ата-аналар мен қоғамның жауапкершілігін арттыру.

Жиналыс барысында оқушылардың мектептегі және мектептен тыс уақыттағы қауіпсіздігі, жолда жүру ережелері, интернеттегі қауіпсіздік, буллинг пен құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілігі туралы ақпарат беріліп, ата-аналарға профилактикалық кеңестер ұсынылды.

Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

 

Н. Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT