«Балақайлар мектебі» – 1-сыныпқа нық қадам!

 

Мектеп табалдырығын алғаш аттау – әр бала үшін ерекше әрі маңызды кезең. Оған алдын ала дайындалу баланың жаңа ортаға сенімді және жеңіл бейімделуіне көмектеседі.

«Балақайлар мектебінде» болашақ 1-сынып оқушылары мектеп өмірімен танысып, алғашқы сабақтарына дайындалуда.

Дайындық барысында бүлдіршіндер әріптер мен сандар әлемімен танысып, оқу, жазу және есептеу дағдыларын дамытады. Сонымен қатар зейінін, есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын жетілдіріп, сыныптастарымен қарым-қатынас жасауға және мектеп тәртібіне бейімделуге үйренеді.

Біздің басты мақсатымыз – әр балаға мектепке деген қызығушылық пен сенімділік сыйлап, 1-сыныпқа қуана қадам басуына жағдай жасау.

Болашақ шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT