ДЕПАРТАМЕНТТЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА«АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

Мемлекеттік қызметтің басты қағидаттарының бірі – мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен қоғамға қолжетімділігі. Осы қағидатты іске асыру және жас буынның мемлекеттік басқару саласына деген қызығушылығын арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында «Ерте кәсіптік бағдарлау институты» тұжырымдамасы аясындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Осы ретте, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінде Әл-Фараби атындағы BINOM SCHOOL мектеп лицейі және Жайық BINOM SCHOOL мектеп лицейінің 10-11 сынып оқушыларына «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Шара барысында Департамент басшысы Нұрлан Еркебаев мектеп оқушыларына Департаменттің қызметін таныстырып, мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтарға тоқталды.

Атап айтқанда, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқу орындарын аяқтаған үздік түлектер  аудан мен ауылдық округтерге төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындала алатындығын хабарлады.

Сонымен қатар, мектеп оқушылары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару aкадемиясының Атырау облысы бойынша филиалының қызметімен де танысып, Академияда ұсынылатын оқу бағдарламалары жайлы мәлімет алды.

Бұдан бөлек, мектеп оқушылары Департаменттің атқаратын функциясы, құзыреттілігі және мемлекеттік қызметті өткеру барысы туралы ақпараттар алды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT