Атыраудағы NIS-те дене ерекше рухани маңызы бар тағылымды шара өтті. Оқушы, мұғалім және ата-анадан құралған «үштік одақ» арасында дене шынықтыру пәні ұстазы Бақтияр Сапагуловтың жетекшілігімен ұйымдастырылған тоғызқұмалақ турнирі өз мәресіне жетіп, қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлады.
Бұл зияткерлік сайыс мектептің дене шынықтыру пәні ұстаздары мен Әкелер клубының бірлескен бастамасымен жүзеге асып, ұрпақтар сабақтастығын, ынтымақ пен бірлікті айқын көрсетті.
Тоғызқұмалақ – қазақ халқының терең ой мен сабырды, есеп пен ептілікті талап ететін ұлттық ойыны. Ол тек ойын ғана емес, ақыл-ойды дамытатын, стратегиялық ойлауды жетілдіретін, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін асыл мұра. Осындай құндылықты насихаттау арқылы турнир қатысушылары өзара тәжірибе алмасып, зияткерлік қабілеттерін шыңдады.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар да анықталды:
Қыздар арасындағы тартысты бәсекеде:
І орын – Рафхатқызы Фатима (11 D сыныбы)
ІІ орын – Жасенова Шырын (10 B сыныбы)
ІІІ орын – Габдуллина Марфуға (Жасенова Шырынның анасы);
ал ерлер арасынан:
І орын –Жеңіс Алмас (12B сыныбы)
ІІ орын – Беккожин Ерасыл (9B сыныбы)
ІІІ орын – Жұмабайұлы Азизге (9C сыныбы) бұйырды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Мұндай мазмұнды шаралар ұлттық ойындардың жаңғыруына, жас ұрпақтың рухани дамуына үлкен серпін беретіні сөзсіз.

