Ғажайыпқа толы кітап әлемі

 

Исатай ауданы Абай орта мектебінде 1–4 сынып оқушылары арасында балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Балалар кітапханасының сиқырлы әлемі» атты мазмұнды әрі әсерлі іс-шара өтті. Бұл шараның басты мақсаты – жас буынның кітапқа деген сүйіспеншілігін оятып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ кітапханамен тығыз байланыс орнату болды.

Іс-шара барысында оқушылар ертегілер мен қызықты хикаялар әлеміне саяхат жасап, түрлі танымдық және шығармашылық тапсырмалар орындады. Балалар кейіпкерлерді сахналап, жұмбақтар шешіп, викториналарға қатысып, өз ой-қиялдарын сурет пен әңгіме арқылы жеткізе білді. Сонымен қатар, кітапхана қорына жаңадан келіп түскен кітаптармен танысып, өздеріне ұнаған шығармаларды қызығушылықпен парақтады.

Кітапханашылар мен мұғалімдер оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы айтып, оқудың тек білім ғана емес, сонымен қатар рухани байлықтың қайнар көзі екенін түсіндірді. Балалар кітап арқылы жаңа дүниелерді танып, ой-өрісін кеңейтетінін, армандарын қалыптастыратынын сезіне алды.

Іс-шара өте көңілді әрі әсерлі өтті. Оқушылар белсенділік танытып, кітап оқуға деген ынталарын арттырды. Осындай шаралар арқылы біз әр баланың жүрегіне кітап арқылы жол табуға, олардың білімге деген құштарлығын арттыруға күш саламыз.

Біздің басты мақсатымыз — әр баланың жүрегіне кітап арқылы жол тауып, оларды рухани бай, білімді, ізденімпаз тұлға етіп тәрбиелеу.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT