«Келешек мектептері» ұлттық жобасы – оқушыларға заман талабына сай сапалы білім беруге бағытталған ауқымды бастама. Жоба аясында салынған мектептер заманауи инфрақұрылыммен жабдықталып, балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасайды.
«Келешек» мектептерінде оқушыларға STEM-зертханалар, робототехника кабинеттері, IT-сыныптар, заманауи кітапхана, коворкинг аймақтары, шығармашылық және хореография залдары, сондай-ақ бірнеше спорт залы қолжетімді. Бұл білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, шығармашылық және ғылыми әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар мектептер қауіпсіздік пен инклюзивті білім беру талаптарына толық сай жабдықталған. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін барлық қажетті жағдай қарастырылған. Жобаның басты мақсаты – тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір оқушыға сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасап, олардың қабілетін ашуға жағдай қалыптастыру.


