«Келешек» мектебінде жас аспаздар сайысы өтті

 

Атырау қаласындағы №46 «Келешек» мектебінде оқушылардың аспаздық өнерге қызығушылығын арттыру мақсатында танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында балалар тағам дайындау дағдыларын меңгеріп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Қатысушылар түрлі тағамдарды әзірлеп, оларды безендіру бойынша шеберліктерін ортаға салды. Сонымен қатар оқушылар ұқыптылықты, тазалық сақтау қағидаларын және дұрыс тамақтану мәдениетінің маңызын танып білді.

Іс-шара балалардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, пайдалы дағдыларды қалыптастыруға бағытталды.

Н. Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT