ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова аралық бағалаудың енгізілуі туралы айтты.
Формативтік бағалау оқушының күнделікті оқу барысындағы жетістігін көрсетсе, аралық бағалау белгілі бір бөлім аяқталғаннан кейін меңгерілген білім мен дағдыларды қорытындылауға бағытталады.
Жаңартылған тәртіп бойынша тоқсан соңында бөлек ТЖБ өткізілмейді. Оқу бөлімдерін меңгеру нәтижесі аралық бағалау арқылы анықталады. Нәтижесінде тоқсан ішіндегі бағалау жұмыстарының саны бір жұмысқа қысқарады.
Аралық бағалауда диктант, бақылау, шығарма, мазмұндама секілді жазба жұмыстары негізгі нысандардың бірі болады. Оларды орындауға толық сабақ уақыты – 45 минут беріледі.


