Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы еліміздегі білім беру саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Жоба аясында заманауи талаптарға сай жабдықталған, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасы қалыптасуда.
Бұл мектептер оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. «Келешек мектептері» – тек жаңа ғимарат емес, бұл – жас ұрпақтың жарқын болашағына салынған инвестиция. Білімді ұрпақ – ел дамуының басты кепілі.
#КелешекМектептері #СапалыБілім #ЖарқынБолашақ #БілімдіҰлт #Қазақстан


