Келешек мектептерінде бірыңғай мектеп формасы болады

фото видеодан алынды

 

Бұл туралы Астана қаласындағы N100 «Келешек мектебінде» өткен республикалық оқыту семинарында Оқу-ағарту министрі Ж.Сүлейменова мәлім етті. 

«Келешек мектептерінің бірыңғай формасы болады. Форма оқушыларға білімге, ғылымға ұмтылуға, «Келешек мектептерінде» оқығанын мақтанышпен көрсететін үлкен символикалық мәні бар форма болады деп санаймын»,- деді министр. 

Айта кету керек, Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – еліміздің барлық өңіріндегі балаларға тұратын жеріне қарамастан сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасау.

Жоба аясында ел аумағында 217 мектеп пайдалануға берілді.

#педагогkz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT