«Келешек» сауықтыру лагері ашылды

 

Бүгін Атырау қаласындағы №49 «Келешек» мектебінде оқушылардың жазғы демалысын қызықты әрі мазмұнды өткізуге арналған «Келешек» жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылуы өтті.

Лагерьдің басты мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Ашылу рәсімінде оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен ән айтып, би билеп, түрлі қызықты ойындарға қатысты.

Алдағы күндері лагерь қатысушыларын танымдық шаралар, спорттық жарыстар, зияткерлік ойындар, шығармашылық байқаулар мен қызықты кездесулер күтуде. Сонымен қатар мектепте пәндік және спорттық бағыттағы лагерьлер де өз жұмысын бастады.

Лагерь барысында оқушылар өз қызығушылықтарына сәйкес түрлі пәндер бойынша білімдерін жетілдіріп, зерттеу жұмыстарымен айналысады, тәжірибелік сабақтарға қатысып, жаңа жобалар әзірлейді. Сондай-ақ танымдық ойындар, интеллектуалдық сайыстар, шығармашылық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

«Келешек» лагері – балалардың жазғы демалысын пайдалы өткізіп қана қоймай, жаңа достар тауып, жарқын әсерлер мен ұмытылмас естеліктер жинайтын ерекше орта.

Балаларға көтеріңкі көңіл-күй, қызықты демалыс және жаңа жетістіктер тілейміз!

Н.Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT