"Келешек" сауықтыру лагерінде керемет арт-шара өтті

 

Бүгін «Келешек» сауықтыру лагерінде тынығушылар үшін ерекше әрі өте қызықты шығармашылық арт-шара өтті. 

Балалар акварель бояуларымен сурет салып, өз қиялдарындағы әсем балықтарды бейнеледі. Әр туынды – ерекше әлем! Ал ең қызығы – олар өз жұмыстарын «суға жібергендей» әсер алып, шығармашылық процесс арқылы табиғатпен үйлесімділікті сезінді.

Бұл шара балалардың қиялын дамытып, шығармашылық қабілеттерін арттыруға және эстетикалық талғамын қалыптастыруға зор мүмкіндік берді.

 #Жаз2026

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT