Мектебімізде «Keleshek Start – 2026» атты салтанатты шара өтіп, 2025–2026 оқу жылының қорытындысы шығарылды.
Іс-шара барысында білім беру саласында нәтижелі еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз марапатталып, олардың кәсіби жетістіктері жоғары бағаланды.
Шара аясында педагогтер келесі номинациялар бойынша марапатталды:
– «Жыл мұғалімі»
– «Үздік сынып жетекші»
– «Үздік бірлестік» тағы басқа номинациялар.
Бұл марапаттар – ұстаздарымыздың қажырлы еңбегі мен шәкірт тәрбиесіндегі зор үлесінің айқын көрінісі.
Барша марапат иелерін құттықтаймыз! Оларға шығармашылық табыс, кәсіби жетістік және жаңа белестер тілейміз.



