«Келешек» жазғы сауықтыру лагерінің І кезеңі өз мәресіне жетті

фото видеодан алынды

 

Бүгін мектебімізде «Келешек» жазғы сауықтыру лагерінің І кезеңі өз мәресіне жетті. Осыған орай лагерь қатысушыларына арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, қызықты ойындарға белсене қатысты. Әр күнін көңілді әрі пайдалы өткізген балалар көтеріңкі көңіл-күймен естеліктерімен бөлісті.

«Келешек» лагерінің алғашқы кезеңі балалар үшін жаңа достар, жарқын әсерлер мен ұмытылмас сәттер сыйлады. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.

Келесі кезеңде де қызықты әрі мазмұнды күндер жалғасады деп сенеміз.

#жаз2026

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT