«Келешек» жазғы сауықтыру және пәндік-спорттық лагерінің ашылу салтанаты өтті

сурет видеодан скрин

 

Бүгін мектебімізде оқушылардың жазғы демалысын қызықты әрі мазмұнды өткізуге арналған «Келешек» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті.

Лагерьдің басты мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Ашылу рәсімінде оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен ән айтып, би билеп, түрлі қызықты ойындарға қатысты.

Алдағы күндері лагерь қатысушыларын танымдық шаралар, спорттық жарыстар, зияткерлік ойындар, шығармашылық байқаулар мен қызықты кездесулер күтуде.

Балаларға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын әсерлер мен ұмытылмас естеліктерге толы демалыс тілейміз! Жазғы демалыстың әр күні қуаныш пен жаңа жетістіктерге толы болсын!

Сонымен қатар пәндерге және спортқа байланысты лагерь де өз жұмысын бастады. Лагерь барысында оқушылар өз қызығушылықтарына сәйкес түрлі пәндік бағыттар бойынша білімдерін жетілдіріп, зерттеу жұмыстарымен айналысады, тәжірибелік сабақтарға қатысып, жаңа жобалар әзірлейді. Сонымен қатар танымдық ойындар, интеллектуалдық сайыстар мен шығармашылық және спорттық шаралар ұйымдастырылады.

«Келешек» лагеріне қош келдіңіздер!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT