Кітап – рухани құндылық кілті

 

Атыраудағы NIS-те ұжым мүшелері арасында кітап алмасу шарасы ұйымдастырылды. 

 

 

Тағылымы мол дәстүрлі дағдының мақсаты – кітап оқу мәдениетін дәріптеу, рухани құндылықтарды насихаттау және әріптестер арасындағы ізгі қарым-қатынасты нығайту.

 

 

Шара барысында қатысушылар бір-біріне өз жүрегіне жақын сан түрлі жанрдағы кітаптарын сыйлап, жылы тілектерімен бөлісті. Бұл игі үрдіс кітаптың адам жанын байытып, ой көкжиегін кеңейтетін ерекше құндылық екенін тағы бір мәрте айқындай түскендей.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT