Атырау қаласындағы Көктем-2 ауылында жаңа №53 мектеп өз есігін айқара ашып, оқушыларын қабылдады.
Жаңа білім ордасының ашылуы ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды. Заманауи талаптарға сай жабдықталған мектепте бүгіннен бастап ауыл балалары білім ала бастайды.
Қазіргі таңда мектепке 670-тен астам оқушы қабылданған. Оның ішінде 1-4 сыныптарда 80-нен астам оқушы бар. Білім ошағы екі ауысымда жұмыс істейді.

Мектептің жалпы аумағы 7800 шаршы метрді құрайды. Оқушылардың сапалы білім алуына қажетті жағдайдың барлығы қарастырылған. Атап айтқанда, 158 орындық асхана мен 210 орынға арналған акт залы бар.
№53 мектептің директоры Айнұр Қалиеваның айтуынша, жаңа оқу жылында басты мақсат – оқушыларға сапалы білім беріп, олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.

«Қазіргі уақытта мектебімізде 670-тен астам оқушы білім алып жатыр. Балалар екі ауысымда оқиды. Мектебіміз 1200 оқушыны қабылдауға мүмкіндік береді. Ұстаздарымыздың біліктілігін арттырып, білім сапасын көтеруге баса мән береміз», – дейді мектеп директоры.


