Лагерь күнделігі

 

Бүгін біздің жазғы лагерьде балалардың денсаулығы мен шығармашылығын шыңдаған, ерекше әрі пайдалы күн өтті! 

Психологиялық даму: Мектеп психологы Е. Қарасаева балалармен бірге «Стакан мұнарасы» тренингін және «Құм терапиясы» сабағын өткізді. Оқушылар өз қиялдарын ұштап, топпен бірлесіп жұмыс істеуді үйренді.

Спорт — денсаулық кепілі: Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Д. Алпамысовтың ұйымдастыруымен «Денсаулық жолағы» атты қызықты спорттық эстафета өтті. Балалар ептілік пен жылдамдықтан жарысты.

Пайдалы кеңес: Мектеп медбикесі О. Ашықбаева «Көкөністер мен жеміс-жидектерді пайдалану» туралы танымдық пікір алмасу өткізіп, дұрыс тамақтану ережелерін түсіндірді.

Қызықты шытырман: Күннің ең тартысты сәті — ұстаздар И.Науашова мен Қ. Базарбаеваның жетекшілігімен өткен «Қазына іздеушілер» квест-ойыны болды. Балалар логикалық тапсырмаларды орындап, басты қазынаны тауып алды!

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT