№49 Келешек мектебінде «Мектепке жол» республикалық акциясы өтуде

 

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Атыраудағы №49 Келешек мектебінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда.

Акцияның негізгі мақсаты — әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына дайындалуға қолдау көрсету.

Акция аясында оқушыларды қажетті оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуге материалдық көмек көрсетіледі. Қазіргі таңда аталған санатқа жататын 9 отбасы мен 25 оқушыға қаражат аударылды. Әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстары әлі де жалғасуда.

№49 Келешек мектебінің әлеуметтік педагогы Айгүл Тоғжанованың айтуынша, акция балалардың жаңа оқу жылын алаңсыз бастап, білім алуға қажетті жағдай жасауға бағытталған.

«Мектепке жол» акциясы аясында көмекке мұқтаж отбасыларды қолдау жұмыстары оқу жылы басталғаннан кейін де жалғасын табады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT