Жаңа оқу жылы қарсаңында №49 жалпы білім беретін мектепте мектепалды даярлықтан өтпеген балаларға арналған «Балақайлар мектебі» ұйымдастырылады.
Бағдарламаның мақсаты – балаларды мектеп өміріне жан-жақты дайындап, олардың оқу үдерісіне жеңіл бейімделуіне жағдай жасау. Сабақ барысында бүлдіршіндер оқу және жазу дағдыларын дамытып, математика негіздерін меңгереді. Сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін шыңдап, тіл және сөйлеу мәдениетін, қарым-қатынас жасау және ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.
«Балақайлар мектебіндегі» сабақтар 10 тамыздан басталып, күн сайын 09:00-ден 11:00-ге дейін өтеді.
Мектеп ұжымы ата-аналарды балаларын мектепке сапалы даярлау бағдарламасына қатысуға шақырады. Бұл жоба бүлдіршіндердің жаңа оқу жылын сенімді бастап, мектеп ортасына тез бейімделуіне мүмкіндік береді.


