№51 «Келешек» мектебі: Бірінші сынып — үлкен қадам

 

Мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршін үшін бірінші сынып — үлкен өмірге бастайтын маңызды қадам. Осы кезеңде баланың білімге деген алғашқы қызығушылығы қалыптасып, мектептегі алғашқы тәжірибесі басталады.

Атыраудағы №51 «Келешек» мектебінің бастауыш сынып ұстаздары жаңа оқу жылында бүлдіршіндерді қарсы алуға дайын. Ұстаздар оқушылардың мектепке бейімделуіне көмектесіп, алғашқы білім негіздерін меңгертуге ерекше көңіл бөледі.

«Келешек» мектебінде әр оқушының қабілетін ашып, білімге деген ынтасын арттыруға бағытталған заманауи әрі жайлы орта қалыптастырылған.

Бірінші сынып — баланың білім жолындағы алғашқы баспалдағы. Ал сол баспалдақтан сенімді аттауға бағыт беретін — алғашқы ұстаз.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT