Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызымен кездесуде көтерген сұрақтарым мен ұсынысым

Бүгінгі кездесуде білім беру жүйесін дамытуға қатысты үш маңызды мәселені көтердім.

🔹 1-сұрақ: «Келешек мектептері» еліміздегі 7 мыңнан астам мектептің көшбасшысы болатын жоба ретінде қарастырылып отыр. Осыған байланысты бірыңғай білім беру концепциясына сәйкес «Келешек мектептерінің» қарапайым жалпы білім беретін мектептерден нақты қандай ерекшеліктері болады? Бұл тәжірибе кейін барлық мектептерге кезең-кезеңімен енгізіле ме?

 🔹 2-сұрақ: «Келешек мектептерінде» лицей сыныптары сияқты оқушыларды қабілеті мен қызығушылығына қарай саралап оқытуға мүмкіндік қарастырыла ма?

 💡 Ұсыныс: Қазіргі таңда STEM бағытына ерекше басымдық беріліп келеді. Алайда мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру үшін Arduino бағдарламалау, инженерлік мини-жобаларды әзірлеу және STEM зертханаларында жұмыс істеуге бағытталған арнайы практикалық курстарды жүйелі түрде ұйымдастыруды ұсындым. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер ұстаздардың тәжірибесімен ұштасқанда ғана сапалы нәтиже береді. Сондықтан әрбір ұсыныс пен пікірдің ескерілгені маңызды деп есептеймін. #КелешекМектептері #Досбергенқызымен

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT