Педагог мәртебесі

 

Семинардың мақсаты:

Педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, «Педагог мәртебесі туралы» заң аясындағы құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, кәсіби қызметтегі жеке шекараны сақтаудың маңызын ұғындыру және құқықтық жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

Педагогтердің негізгі құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту;

Мұғалімнің жеке шекарасы ұғымын нақтылау;

Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы тәжірибелік дағдыларды дамыту;

Педагог мәртебесін құрметтеу мәдениетін қалыптастыру;

Заң талаптарын күнделікті кәсіби қызметте тиімді қолдануға бағыт беру.
Қазақ тілі және тарих пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен «Педагог мәртебесі: құқық, міндет және жеке шегара» семинары.
(Ұстаздар арасындағы талқылау)

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT