Рәміздер күнінде №49 «Келешек» мектебінде челлендж басталды

 

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай №49 жалпы білім беретін мектептің «Келешек» сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері мерекелік челлендж бастады.

Челлендждің мақсаты – өскелең ұрпақтың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, патриоттық сезімін нығайту және елдік құндылықтарды дәріптеу.

Ізгі бастама аясында лагерь қатысушылары барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, челлендж эстафетасын №51 жалпы білім беретін мектепке жолдады.

 

Н. Насыр

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT