«Ұршық иіру: дәстүр мен шеберлік» атты шеберлік сағаты өтті

 

Атырау қаласындағы №48 келешек мектепте бастауыш сынып оқушыларына арналған ұлттық бұрышта қыз балаларға ерекше шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының көнеден келе жатқан қолөнерінің бірі — ұршық иіру өнерімен танысып, оның қыр-сырын меңгерді.

Қатысушылар жүнді өңдеу, жіпті иіру тәсілдерін тәжірибе жүзінде орындап, өз қолдарымен бұйым жасап көруге мүмкіндік алды.

Бұл шеберлік сағаты ұлттық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

«Өзің иірген жіп — өз шеберлігің!» ұстанымымен өткен іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT