Тарихты ойын арқылы танытқан жоба

 

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Нұрай Тілеуқабыл «Ұлттық Тарих Күні» республикалық байқауында тарихи үстел ойынын таныстырып, жүлделі орынға ие болды.

Ол байқауға «Ұлы Дала Құрылтайы» атты жобасын ұсынып, 300-ден астам қатысушының арасынан көрме секциясының жоғары дивизионы бойынша І орын алды. Байқау нәтижесінде жеңімпазға Стамбулға жолдама табысталды.

«Ұлы Дала Құрылтайы» – қазақ тарихындағы құрылтайлардың маңызы мен тарихи үдерістерді ойын арқылы танытуға арналған жоба. Автор тарихи деректерді оқушыларға интерактивті форматта жеткізуді мақсат еткен.

Жоба мазмұны мен оны ұсыну тәсілі қазылар алқасының назарын аударған. Тарихи тақырыпты үстел ойыны арқылы беру оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға және тарихи оқиғаларды ойын барысында танып-білуіне мүмкіндік береді.

Жоба Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Айтолқын Тулешованың жетекшілігімен әзірленген.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT