Түлектер оқушыларға мамандық таңдауға бағыт берді

 

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мектеп түлектері Мадина мен Алинаның қатысуымен «NIS-тен Air Liquide-ке дейін: физика, химия және STEM-технологиялар болашақ мансапты қалай қалыптастырады?» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Кездесуде оқушылар түлектердің мектептен кейінгі білім алу және кәсіби қалыптасу жолымен танысты. Қонақтар университеттегі оқу тәжірибесі, ғылыми жобалары, тағылымдамалары және халықаралық компаниядағы қызметі туралы айтып берді.

 

Әсіресе химия мен STEM бағыттарына қызығушылық танытқан оқушылар мамандық таңдау, жоғары білім алу мүмкіндіктері, оқу бағдарламалары және кәсіби даму жөнінде сұрақтарын қойды.

Кездесу барысында түлектер өз тәжірибесі арқылы мектепте алған білімнің әрі қарайғы оқу мен еңбек жолында қалай қолданылатынына тоқталды. Соңында оқушылар мен қонақтар еркін форматта пікір алмасты.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT