Энергетикалық сусындар құрамында кофеин, таурин, гуарана, қант және басқа да стимуляторлар бар, олар денеге уақытша күш-қуат береді. Алайда оларды шамамен тыс тұтыну денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіру мүмкін.
Энергетикалық сусындардың негізгі қаупі:
Жүрек-қан тамыр жүйесіне әсері:
Жүрек соғысын жиілетеді;
Қан қысымын жоғарылатады;
Жүрек ырғағының бұзылуына әкелуі мүмкін;
Орталық жүйке жүйесіне әсері:
Ұйқының бұзылуы;
Қозғыштықтың жоғорлауы;
Стресті күшейтуі мүмкін;
Асқазан-ішек жолдарына әсері:
Асқазан қышқылын арттырады, гастрит пен ойық жараның дамуына себепші болуы мүмкін;
Асқазанның тітіркенуін тудырады;
Қант пен калорияның көптігі:
Семіздікке және қант диабетінің даму қаупіне әкелуі мүмкін;
Тіс эмалін зақымдайды;
Тәуелділік қаупі:
Үнемі тұтыну кофеинге тәуелділікке әкелуі мүмкін;
Энергетикалық сусындарға дағдылану нәтижесінде табиғи энергия деңгейі төмендейді;
Кімдерге энергетикалық сусындарды тұтынуға болмайды?
Балалар мен жасөспірімдер;
Жүкті және емізулі әйелдер;
Жүрек – қан тамыр аурулары бар адамдар;
Гипертониямен ауыратындар;
Ұйқысыздық пен жүйке жүйесі проблемалары бар адамдар;
Қауіпсіз балама:
Табиғи шырындар мен морстар;
Жасыл шай немесе шөп шайлары;
Жеткілікті ұйқы және дұрыс тамақтану;
Дене белсенділігі мен таза ауада серуендеу.
Искакова А.С
Атырау облысының санитариялық – эпидемиологиялық
бақылау департаменті басшысының орынбасары



