Моншаға қойылатын гигиеналық талаптар

ашық дереккөзден

 

Монша – бұл адам ағзасына пайдалы сауықтыру құралдарының бірі ретінде ежелден белгілі. Монша соңғы кезде өзінің тікелей міндеті – санитарлық-гигиеналық тазалықты сақтайтын ғана емес, сонымен қатар, достармен бас қосатын орынға да айналды. Сондықтан соңғы уақытта жеке моншалар: элиталық, жабық, VIP моншалар және т.б. барлық жерде ашылуда.

Моншалар жеке тұрған ғимараттарда орналасуы тиіс. Моншаға ылғалға, температураға, жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдар пайдаланылуы қажет. Моншаның үй-жайларындағы жиһаздың үстіңгі қабаты тегіс, ылғалды жууға болатын және дезинфекциялау құралдарымен өңдеуге төзімді болуы керек.

Төмендегідей талаптарды сақтау маңызды:
- моншаны таза ұстау. Кәріз траптарының бітелуіне және еденде лас судың жиналуына жол бермеу;
- жуынатын бөлмедегі шылапшын, ванналарды өңдеу үшін дезинфекциялау ерітінділері бар ыдыс, тазалау құралдарын, щеткаларды, шүберектерді дайындау;
- шылапшын, ваннаны дезинфекциялау және сумен жуу;
- әрбір келушіден кейін резеңке аяқ киімді фунгицидтік әсері бар дезинфекциялық құралдармен өңдеу;
- бумен қыздыратын бөлмені қоспағанда, моншадағы бөлмелерді қоқысқа арналған урналармен қамтамасыз ету;
- моншаның жуыну-шайыну орындарында кір жууға және оны кептіруге, моншаны пайдалануға қатысы жоқ заттарды сақтауға жол бермеу;
- дезинфекциялық ерітінділерді олардың атауы, мөлшері және дайындалған күні көрсетілген ыдыстарда, дезинфекциялық затты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, белгіленген мөлшерде дайындап сақтау.
- тері ауруларында: қышыма, іріңді бөртпе, вирустық аурулар және басқалар;
- дене температурасы жоғары болғанда, бұл жағдайдың нашарлауына әкеледі.

 

Б,ҚАРТМАҒАНБЕТОВА,

Исатай аудандық СЭББ басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT