Норовирус инфекциясы – асқазан мен ішектің қабынуын тудыратын өте жұқпалы вирустық ауру. Ол жедел гастроэнтериттің негізгі себептерінің бірі болып табылады және кез келген жастағы адамдар арасында кездеседі. Ауру тез таралатындықтан, ұжымдық орындарда, балалар мекемелерінде және отбасыларда инфекцияның жаппай тіркелуіне әкелуі мүмкін.
Норовирус адам ағзасына түскеннен кейін ауру белгілері көбінесе 12–48 сағат ішінде пайда болады. Инфекцияның негізгі белгілеріне жүрек айну, құсу, іш өту, іштің түйіліп ауыруы, жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі және тәбеттің төмендеуі жатады. Көп жағдайда ауру 1–3 күн ішінде жазылады.
Норовирус инфекциясы бірнеше жолмен таралады. Атап айтқанда, вирус жұқтырған адам дайындаған немесе дұрыс жуылмаған тағамдарды тұтыну арқылы, ластанған суды пайдалану кезінде, науқас адамның тұрмыстық заттары мен қолы арқылы, сондай-ақ науқаспен тікелей байланыста болған кезде жұғуы мүмкін.
Норовирус инфекциясының алдын алу үшін:
• қолды сабынмен жиі және мұқият жуу;
• жемістер мен көкөністерді тұтынар алдында жақсылап жуу;
• тек қауіпсіз ауыз суды пайдалану;
• тағамдарды тиісті түрде термиялық өңдеу;
• науқас адам пайдаланған заттарды бөлек ұстау;
• тұрғын үй-жайларды және жиі жанасатын беттерді жүйелі түрде дезинфекциялау;
• ауру белгілері бар адамдармен жақын қарым-қатынастан аулақ болу.
Норовирус инфекциясының алдын алу – әр адамның жеке жауапкершілігі. Қарапайым санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау арқылы өз денсаулығыңызды және жақындарыңызды жұқпалы аурулардан қорғауға болады.

Б.С. ҚАРТМАҒАНБЕТОВА
Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы