Жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі

ашық дереккөзден

 

Жазғы демалыс – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтетін уақыт. Жыл бойы білім нәрімен сусындаған жас жеткіншек, жазғы демалыста  сол жұмсаған күшінің орнын толтырып, денсаулығын нығайтып, ағзаны сауықтыру қажет. Сонымен қатар, жазғы демалыс  мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана-сезімінің, дүниетанымының дамып, жетілу кезеңі. Сол себепті де жазғы демалыс кезінде бала үшін денсаулығын нығайтуға қолайлы кез деп қарастырылып, оның дара тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау қажет. Жазғы демалыста бала уақытының көп бөлігін теледидар мен компьютердің алдында өткізбеу үшін ата-аналарға балаларын жазғы сауықтыру мекемелеріне жіберуге кеңес береміз. Жазғы сауықтыру лагерьлері – бала денсаулығын сауықтырып ғана қоймай, сонымен қатар, баланың тәжірибесін кеңейтетін, жаңа ақпараттарды қабылдайтын, жаңа білім мен біліктілікті дағдыға айналдыратын, жаңа адамдармен тез тіл табыстыратын, өзінің қызығушылықтарын қанағаттандыратын орын.

Маусымдық жазғы сауықтыру бойынша қызметті жүзеге асыратын әрбір заңды және жеке тұлғаларда нысанның санитариялық ережелерге сәйкестігі туралы қорытындысы болуы міндетті. Санитариялық ережелерде көрсетілгендей, лагерь аумағы қоршалған болуы керек. Сонымен қатар, объектілерде тұрмыстық ауыз су, ыстық сумен жабдықтау, канализация, жарықтандыру, желдету және басқа да жүйелермен жақсы жағдайда қамтамасыз етілуі тиіс. Барлық үй-жайлар таза болуы міндетті, жуғыш және дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, күнделікті тазалау жүргізілу керек. Дератизация және дезинсекция шаралары жүргізіліп, жәндіктердің, кенелердің, кеміргіштердің болуына жол берілмеуі керек. Объектілердің жиһаздары мен жабдықтары балалардың өсуі және жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс.

Балалардың  денсаулығы дұрыс теңдестірілген тамақтанумен, дұрыс ұйқы, дене шынықтыру және дұрыс ұйымдастырылған күнделікті күн тәртібіне тікелей байланысты.

 

Б.ҚАРТМАҒАНБЕТОВА,

Исатай аудандық СЭББ басшысы 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT