Жазғы маусымда балмұздақ тұтынудағы қауіпсіздік пен санитарлық талаптар

ашық дереккөзден

 

Жазғы маусымның басталуымен сұранысқа ие өнімдердің бірі - балмұздақ, әсіресе “жұмсақ балмұздақ”  (фризерде өндірілген және мұздатқышта қатаю процесінен өтпеген сүт өнімдері) аса танымал өнім.

Осы өнімді қабылдау, сақтау және өткізу шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаған жағдайда ішек инфекциясына немесе сальмонеллезге әкелуі мүмкін.  

Тұтынушыларға арналған ұсыныстар
Жаздың аптап ыстығында ешкім “суық десерттен” бас тартпайды, бірақ кейде балмұздақ қауіпті  өнімге айналады. Бұл тек тамақтың  қабынуы ғана емес, сонымен қатар сапасыз өнімнен улану. Егер өндіріс технологиясы сақталмаса және өнімді сақтаудың температуралық режимі бұзылған жағдайда бұл мүмкін болады.
Патогендік бактериялар ағзаға енгеннен кейін диареяны, жүрек айнуын және температураның жоғарылауын тудыруы мүмкін.
Көбінесе көшедегі сауда нүктелерінің кәсіпкерлері аппараттарды өңдемейді, балмұздақты сату жуылмаған қолмен жүзеге асырылады, өйткені оларда қарапайым жағдайлар жоқ - қол жууға арналған су жоқ, сатушыға дайын қоспаны әкеледі, ол оны көшедегі аппаратқа құйып, бірнеше күн сауда жасайды.

Сатып алмаңыз:
- егер балмұздақ пішінін жоғалтса, онда ол бірнеше рет еріген, бұл өнімдегі микробтардың көбеюіне әкеледі.
– түстері әртүрлі балмұздақ  - сап-сары немесе өте қызыл болса, олар зиянды бояғыштарға толы болуы мүмкін.

Осыған байланысты өндірушінің зауыттық қаптамасына оралған порцияланған балмұздаққа артықшылық беру ұсынылады.

 

Б.ҚАРТМАҒАНБЕТОВА,

Исатай аудандық СЭББ басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT