Еркебұлан Зинеденов онлайн мүшәйраның жеңімпазы атанды

«Сөз маржанын теремін» деген атаумен ауданымыздың жас ақындары арасында онлайн мүшайра ұйымдастырылды.

Истай ауданында аудандық жастар ресурстық орталығының мұрындық болуымен болған онлайн байқау мекеменің инстаграм парақшасы арқылы өткен болатын. Жыр мүшайрасына 10 жас ақын қатысты.

Сайыскерлердің арасында додаға жаңадан қосылғандар, оқушылар, студенттер, жас мамандар да кездесті. Байқауды аудандық жастар орталығының басшысы Ринат Есқали жүргізсе, жас ақындардың өнеріне тікелей эфир арқылы республикалық ақындар айтысының жүлдегері, ақын, аудандық «Нарын таңы» газетінің тілшісі Серікбол Панабердиев, аудандық маслихаттың бас маманы, ақын Жеткінов Дидар, Аққыстау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әселхан Иманбаева қазылық етті.

Бір сағаттан астам уақыт өткен сайысты тікелей эфирден 250-ден астам адам тамашалап, үмткерлерге ізгі тілектерін де білдіріп жатты. Байқаудың шарты бойынша бірінші жас ақындардың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнаған туындылары оқылса, екінші еркін тақырыптағы өлеңдері ұсынылды. Қатысушылардың өлеңдерінің құрылысын, мазмұнын өзара талдаған қазылар бірінші орынға Зинеден ауылынан қатысқан Еркебұлан Зинеденов, екінші жүлдеге Исатай орта мектебінің оқушысы Амангелді Дана, үшінші орынға Абай атындағы орта мектептің оқушысы Айсана Қуаталиева лайықты деп таныды. Сондай-ақ байқауда көрермендердің дауыс беруімен «көрермен көзайымы» аталымына жанбайлық Жұлдыз Ануарбекова, «Ең жас қатысушы» номинациясына тұщықұдықтық Аршат Ерланұлы ие болды. Байқау жеңімпаздарының дипломдары мен сыйлықтары арнайы почта арқылы жолданды.

«Осыған дейін де бірнеше рет тікелей эфир арқылы жастармен сұхбаттасқан болатынбыз. Ал, байқау форматындағы тікелей эфиріміз алғаш рет өткізіліп отыр. Жас ақындарымызды дамыту мақсатында орталықжанынан жас ақындар клубын құрсақ деген де жоспарымыз да бар. Әзірге төтенше жағдай режимі аяқталғанша жастарымызға үйде болуға кеңес беріп, бос уақыттарын тиімді өткізуге, өздерін үздіксіз дамытуға үлес қоссақ дейміз. Өткен аптада «Абайды таны» онлайн сауалнамасы бойынша, тұщықұдықтық жас белсендіміз Қисымова Альбина жеңімпаз атанған болатын. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады» дейді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ринат Есқали.

Өз тілшімізден

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика