Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов жұмыс сапарымен Индер ауданына барып, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.
Өңір басшысы Бөдене ауылындағы жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің дайындығын, Индербор кентіндегі тұрғын үйлер мен мектеп-гимназияның құрылысын, жол жұмыстарын және кәріз тазарту құрылыстарының жағдайын тексерді.
Әр нысан бойынша жұмысты сапалы орындау және құрылыстың кейінге шегерілуіне жол бермей, уақытында аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ Болат Ақшолақовқа Тұздыкөл көлін дамыту перспективалары, соның ішінде аумақтың туристік әлеуетін арттыру мен инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде баяндалды.
Толығырақ Атырау облысы әкімдігінің сайтынан оқыңыздар


