Атырау облысының вахталық кенттерінде сайлау учаскелері құрылуда

 

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындық барысын тексеру мақсатында 13-14 тамыз күндері Атырау облысына Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов пен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айманакумов инспекциялық сапармен барды.

Заңнамаға жақында енгізілген өзгерістерге сәйкес құрылған сайлау учаскелерінің қызметіне ерекше назар аударылды. Олар вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етуді көздейді. 

Атырау облысының аумағында сайлаушылар үшін осындай 2 жаңа сайлау учаскесі ашылды. Біріншісі – «NCOC» компаниясының мұнай мен газды кешенді дайындау жөніндегі «Болашақ» зауытының аумағындағы «Самал» вахталық кентінде орналасқан. Екіншісі - «Прорва» кен орнындағы «Жылыоймұнайгаз» кәсіпорнының «Каспий самалы» вахталық кентінде орналасқан. Шавхат Өтемісов пен Азамат Айманакумов «Самал» кентінің аумағында орналасқан №288 сайлау учаскесінің дайындық деңгейімен танысты.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT