Атырауда 15 сәуірден бастап барлық субұрқақ іске қосылады

 

Атырау қаласында субұрқақтар кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр. Бүгінде қаладағы 45 субұрқақтың бірқатары жұмысын бастады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазір нысандарды маусымға дайындау жұмыстары жүргізілуде. Субұрқақтар тазартылып, жуылып, техникалық тексерістен өтуде.

Мамандардың мәліметінше, су сапасын сақтау үшін арнайы химиялық қоспалар қолданылады. Субұрқақтарға берілетін су барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып «Атырау су арнасы» мекемесінен алынады. Су тазалығын қамтамасыз ету үшін реагенттер екі күн сайын қосылып, айына 2–3 рет толық тазарту жұмыстары жүргізіледі.

Субұрқақтар күн сайын сағат 08:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Жазда құрылғылардың қызып кетпеуі үшін түскі уақытта шамамен бір сағатқа уақытша тоқтатылады.

Субұрқақтарды күтіп-ұстаумен айналысатын «Ибраһим» мекемесінің өкілі Амандық Сәлімгереев тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. 

-Субұрқақтарға түсуге және ішінде жүгіріп ойнауға болмайды. Сонымен қатар балаларды қараусыз қалдырмау, электр құрылғыларына жақындамау және субұрқақ суын тұрмыстық мақсатта пайдаланбау қажет, - деді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT