Атырау қаласы ПБ №2 қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақта тексеру жұмыстарын жүргізу барысында азық-түлік дүкендерінің бірінен алкоголь өнімдерін заңсыз сату дерегін анықтады.
Атап айтқанда, шағын кәсіпкерлік субъектісінің иесі сот талаптарына қарамастан алкогольдік ішімдік пен сыра өнімдерін бөлшек сауда арқылы сатқан.
Аталған факті бойынша кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс материалдары жинақталып, Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданатын болады.
Сондай-ақ сауда сөресі мен тоңазытқышта тұрған алкогольдік ішімдік және сыра өнімдері тәркіленді.



