Атырауда «Қазыналы Каспий» халықаралық балық фестивалі басталды.

 

Фестиваль аясында «Каспий маңы әріптестігі: балық шаруашылығы мен аквамәдениеттің тұрақты дамуы» халықаралық ғылыми форумы өтуде.

Форумға Қазақстан, Әзірбайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан елдерінен 110-ға жуық қатысушы жиналды. Шара барысында балық шаруашылығын дамыту, аквамәдениет саласындағы халықаралық тәжірибе алмасу және Каспий маңы елдері арасындағы әріптестікті нығайту мәселелері талқылануда.

Форум аясында сала мамандары, мемлекеттік орган өкілдері, ғалымдар, кәсіпкерлер мен халықаралық ұйым өкілдері бас қосып, балық шаруашылығының тұрақты дамуына бағытталған өзекті мәселелерді қарастыруда.

Сондай-ақ, іс-шара бағдарламасы аясында фидерлік спорттық балық аулау жарыстары, балық өнімдерінің жәрмеңкесі, «Каспийдің үздік тағамы» аспаздар байқауы, балық шаруашылығы кәсіпорындарына таныстыру сапарлары, Жайық өзенін балық шабақтарымен толықтыруға арналған экологиялық акция және мәдени-ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады.

Фестиваль аясындағы шаралар Жайық өзенінің жағалауында және Жастар саябағында жалғасады.

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT