Атырауда қоғамдық қауіпсіздік күшейтілді

 

Құрметті Атырау облысының тұрғындары!

Қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындар тыныштығын қамтамасыз ету бағытында өңірдің тәртіп сақшылары үздіксіз, ал демалыс күндері күшейтілген жұмыс нысанында қызмет атқаруда. Мақсат- Заң мен тәртіп қағидасын жүзеге асыру, құқық бұзушылықтар мен өзге де заңға қайшы әрекеттердің жолын кесу. Соңғы 10 күнде Атырау өңірінде «Қауіпсіз қала», «Мал ұрлығына жол жоқ», «Бекіре-2026» жедел-профилактикалық іс-шаралары бастау алды. Заңсыз балық қорының айналымына қатысты - 36, Мал ұрлығына, заңсыз тасымалына және үй иелерінің қараусыз қалдыруына қатысты – 61 құқық бұзушылық тіркелді. Құқыққа қарсы әрекетке жол берген тұлғалар заң аясында жауапкершілікке тартылды. 

Сонымен қатар, тұрғындармен жүйелі түрде кездесулер мен жиындар өткізілуде. Онда полиция қызметкерлері атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, халықтың ұсыныс-пікірлері негізінде алдағы кезеңге профилактикалық шаралар кешені айқындалды.

Жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, тәуекелдерді төмендетуге және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған жүйелі сипатқа ие.

Құрметті азаматтар! Заң талаптарын сақтау – баршамызға ортақ міндет. Полиция қылмыстардың жолын кесу және Заң мен тәртіп қағидатын жүзеге асырудағы қызметін жалғастырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT