Атырауда сарбаздарға білім гранттары табысталды

 

Атырау қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінде «Сарбаз 2.0» республикалық бағдарламасы аясында білім гранттарын табыстау рәсімі өтті.

Бағдарлама қорытындысы бойынша бұл жолы 8 атыраулық сарбаз мемлекеттік білім грантының иегері атанды.

Айта кетейік, әскер мен еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік 2023 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Келісімге сәйкес, мерзімді әскери қызметін абыроймен өткерген азаматтарға жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, байқау жеңімпаздарына шәкіртақы тағайындалып, жатақханада тегін тұру мүмкіндігі беріледі.

 

 

Биыл Атырау қаласындағы 5546 әскери бөлімінен 100-ден астам сарбаз байқауға қатысуға өтінім берген. Олардың ішінен жауынгерлік дайындық, әскери тәртіп және арнайы тапсырмаларды орындау көрсеткіштері бойынша үздік нәтиже көрсеткендер жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздардың бірі — қатардағы Сарсенбай Нұрдәулет өз әсерімен бөлісті:

— Қызмет пен оқу барысындағы жетістіктерім осы мүмкіндікті иеленуге жол ашты. Енді білімімді жалғастырып, ел игілігі үшін еңбек еткім келеді.

 

 

Қазіргі таңда еліміздің 70-тен астам жоғары оқу орны аталған бағдарлама аясында жеңімпаздарды қабылдауға қатысты меморандумдарға қол қойған.
 

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT