«Болат Жол» ұжымында «Әділеттің» жаңа бастауыш партия ұйымы құрылды

 

Жылыой ауданындағы «Болат Жол» ЖШС қызметкерлері кәсіпорында «Әділет» партиясының бастауыш партия ұйымын құру бастамасын бірауыздан қолдады. Бұл мәселе партия өкілдерінің ұжыммен кездесуінде талқыланды.

Жиында «Әділет» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қуантай Бисалиев партияның негізгі басымдықтары мен өңірдегі жұмысы туралы таныстырды.

9c6dc2d6 a5df 4544 87b0 8fa2ef797ee6

– Елімізде жүзеге асып жатқан саяси реформалар мемлекетті басқару жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқығы мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен өзгерістерге қоғам болып атсалысу – ортақ міндетіміз. «Әділет» партиясы әділеттілік, заң мен тәртіп, жауапкершілік және патриотизм қағидаттарын ұстанатын азаматтарды біріктіреді. Біздің мақсатымыз – осы құндылықтарды мемлекеттік саясат пен қоғамдық өмірдің негізіне айналдыру. Партия білім беру, ғылым, медицина, бизнес, құқық, мемлекеттік басқару және азаматтық қоғам салаларындағы мамандардың басын қосып отыр. Барлығымызды әділетті, заманауи әрі бәсекеге қабілетті Қазақстанды құруға деген ортақ ниет біріктіреді, – деді Қуантай Бисалиев.

Оның айтуынша, «Әділет» партиясының облыстық филиалы өңір тұрғындарымен тұрақты байланыс орнатқан. Қазір филиал құрамында бір қалалық және жеті аудандық бөлімше жұмыс істейді. Өңірде 20 мыңнан астам партия мүшесі мен 100 бастауыш партия ұйымы бар.

– Бастауыш партия ұйымдары – партия жұмысының негізгі тірегі. Олар азаматтардың ұсыныс-пікірін тыңдап, қоғамды толғандырған мәселелерді ортаға салуға және ортақ шешім іздеуге мүмкіндік береді. Сондықтан жаңа ұйымдар құрып, тұрғындарды ортақ мақсатқа жұмылдыру маңызды. «Болат Жол» ұжымы да партияның жұмысына өз үлесін қосып, өңірдің дамуына бағытталған бастамаларға атсалысады деп сенемін, – деді ол.

e3c74e9b 13a2 4e03 b166 62c2fa9bc13c

Кездесуге еңбек ардагері Сайлаубай Таласов, Атырау қалалық мәслихатының депутаттары Айжан Сәрсембаева мен Ілия Қонысбаев, партияның Жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы Абылай Құрметұлы қатысты. Кәсіпорын атынан РИП-Сера станциясының бастығы Ғалымжан Күлденбаев, вагон шаруашылығының жетекшісі Айдар Каберов және ПТОЛ аға шебері Ғалымбек Камалов сөз сөйледі.

4ae6d300 cd0c 4650 85d0 a92ac0d8e4ca

Кәсіпорын өкілдері «Болат Жол» серіктестігінің қызметі мен ұжымның еңбек жағдайлары туралы баяндады. 1992 жылы құрылған компания теміржол тасымалымен, локомотивтерді пайдалану және жөндеумен, вагондар мен инфрақұрылымға қызмет көрсетумен айналысады. Кәсіпорынның Атырау, Индер және Құлсары қалаларында базалары, сондай-ақ РИП-Сера станциясында жөндеу базасы бар.

5cb7728a fc90 4618 9de4 99e94ba40d2e

«Болат Жол» 2000 жылдан бері «Теңізшевройл» компаниясына теміржол қызметтерін көрсетіп келеді. Серіктестікте 662 адам еңбек етеді. Олардың 500-ден астамы Теңізде вахталық әдіспен жұмыс істейді, ал қызметкерлердің 90 пайызға жуығы – Атырау облысының тұрғындары.

bc1bd4a8 94ce 4313 8909 4551f3c30ae1

Кәсіпорын өкілдері ұжым үшін қызметкерлердің тұрақты жұмыспен қамтылуы, жалақының уақытылы төленуі мен қауіпсіз еңбек жағдайлары маңызды екенін атап өтті. Жиын қорытындысында «Болат Жол» ұжымы бастауыш партия ұйымын құруды қолдап, алдағы уақытта партияның мақсат-міндеттеріне сай жұмыс істеуге ниетті екенін білдірді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT