Өңірде жылына 15 млн дана бекіре шабағын өндіретін кешен дамып келеді

 

Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс ауылында «А-Дана» шаруа қожалығының заманауи балық өсіру кешені дамып келеді. 

Кәсіпорынның негізгі бағыты – бекіре тұқымдас және өзге де балық түрлерін өсіру. Кешеннің өндірістік қуаты жылына 130 тоннаға дейін тауарлы балық өндіруге немесе 15 миллион дана бекіре шабағын өсіруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта шаруашылықта 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

 

 

Жоба аясында жалпы аумағы 50 гектар болатын жер учаскесінде өндірістік инфрақұрылым қалыптастырылған. Балықты тауарлық салмаққа дейін өсіруге арналған тоғандардың құрылысы аяқталу кезеңінде. Сонымен қатар, аумағы 4000 шаршы метрді құрайтын тұйық су айналымы жүйесі (УЗВ) іске қосылған.

 

 

Кешенде көлемі 30 текше метр болатын 28 бассейн, 400 инкубациялық науа, биологиялық және механикалық сүзгілер, озондық тазарту жүйелері орнатылған. Сондай-ақ, өнімді сақтауға арналған жалпы аумағы 30 шаршы метрлік тоңазытқыш камералар қарастырылған.

 

 

Жоба өңірдегі балық шаруашылығын дамытуға, акваөсіру өндірісін кеңейтуге және бекіре тұқымдас балықтардың табиғи қорын толықтыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып саналады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT