Каспий итбалығын сақтауға бағытталған зерттеулер күшейтілуде

Каспий теңізінің Каспий итбалығын сақтау мәселесі халықаралық «Қазыналы Каспий» форумында көтерілді. Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетовтің айтуынша, соңғы 100 жыл ішінде Каспий итбалығының саны 1 миллионнан 270 мыңға дейін қысқарған.  

Итбалық популяциясын сақтау мақсатында 2024 жылы «Каспий итбалығы» мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей ғалымдары 2020-2024 жылдары бірлескен зерттеулер жүргізіп, Каспийдегі итбалықтардың қазіргі санын анықтаған. Қазір қазақстандық ғалымдар 2024-2026 жылдарға арналған зерттеу аясында итбалықтардың маусымдық мекендерін, көші-қон бағыттарын және қоректену ерекшеліктерін зерттеуде.  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT